АЛҒЫС АЙТАМЫН

Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің,-деп  жырлаған Абыз бидің сөзін талай тыңдай жүрсек те, дәл осылай сезінеріміз ойымызға да келмепті. 

Бүкіл дүниежүзіне, соның ішінде елімізге де келіп жеткен, атын айтуға да жүрегіміз дауаламай қалған аурудың бір күнде барлық іс-әрекетімізді, күнделікті күйбең тіршілігімізді түбегейлі өзгертіп жібергеніне көнуімізге тура келді,көндіктік. Тамаша салт-дәстүріміз бар, көрікті көктемді көңілсіз бастасақ та, қарбаласы көп соңғы 4-тоқсанды, біреулер үшін 1-сыныпты аяқтау, біреулер үшін алтын ұясымен қоштасу тоқсанын барша қазақстандықтарша қашықтан оқумен бастадық  және жалғастырудамыз.

«Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де  оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететінін баса айтқым келеді. Бұл - отандық білім  беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас» деген Білім және Ғылым министрі Қ.Аймағанбетов сөзін басшылыққа алып  қашықтан оқуға біз, №11мфмм ұжымы және ата-ана, білім алушылар қалай дайындалдық, қандай қиындықтар мен қызықты оқиғаларды да  басымыздан өткердік, бұның бәрі өткен күн еншісінде қалып отырғанына да міне 30 күн.   Осы қашықтан білім алуда бізге, мектеп мұғалімдеріне жол көрсеткен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне, Маңғыстау облыстық Білім басқармасына, Ақтау қалалық білім бөлімі қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды жеткізіп,алғыс айтамыз!

Тәулік бойы жұмысы – отбасы – балалары мәселесін бірге ала білген дені ақжаулықты аналар, қыз-келіншектерден тұратын ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Бұрынғы бетпе-бет кезеңіндегі әсері мен әдетінен жаңылып, жаңа ақпарат майданына төтеп беріп, өз беттерімен ізденіп қалай болғанда білім алушымен жақсы байланыс орнатамын деп барлық платформамен танысып, зерттеп, тіпті өз бетімен білімін жетілдіріп, сертифаттарға ие болып, оны басқа әріптестеріне үйретуден жалықпаған мұғалімдеріме мың алғыс!

Ата - ана мен ұстаздар арасындағы алтын көпірді жалғастырып, әр балаға психологиялық қолдау көрсетіп,өз істерінің майталман маманы екендіктерін дәлелдеген сынып жетекшілерге де үлкен ризашылығымды жеткізгім келеді.

Карантин кезінде мұғалімдердің еңбегін еселеп түсініп, әр түрлі әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздерін, жүрек -  жарды тілектерін жолдап, ұстаз еңбегі өлшеусіз екенін іштей мойындап келген ата-аналар қауымына да ерекше  алғыс айтамыз!

Осындай қиын қыстау мезгілде сырқаттанып ем іздеген талай адамның дертіне дауа,көңіліне демеу бола білген,көңілдері жайдары, адам жанының арашасы болу үшін жаралған, жүздерінен нұр шашып тұратын ақ желеңді абзал жандарға да мың алғыс!

Алғыс айту челленджін Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 жалпы білім беретін мектептің директоры Рахова Гүлмира Зейноллақызынан қабыл алып, Ақтау қаласы №28 жалпы білім беретін мектеп директоры Муканова Жаңыл Балмұханбетқызына, Ақтау қаласы №1 жалпы білім беретін мектеп директоры Испекеев Бекес  Өмірханұлына,Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Калиева Гульжанат Гадилқызына,Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы ,Ақсуат жалпы орта білім беретін мектеп директоры Жұбаниязов Ерлан Мәлікұлына жолдаймын!!!

Маңғыстау облысы , Ақтау қаласы

   № 11 МФМ мектебінің директоры          Куразова Зауреш Жауынбаевна

#бізбіргеміз#

 

Жарияланған күні: 01-05-2020  



08-06-2020  

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) ****  ХҚКО-ға бармастан қызмет көрсету***   

25-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

20-05-2020  

Хабарландыру

Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты Ақтау қалалық білім бөлімінің «№11 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына 1- сыныпқа тіркеу мамыр айының 20-нан маусым айының 20-сы аралығында Ақтау қаласы аумағында тұратын балалар үшін жүргізілетінін қаперіңізге береді. 

01-05-2020  

АЛҒЫС АЙТАМЫН

Балалықтың қадірін Саналы болғанда білерсің.Асыл менен жасықтыБағалы болғанда білерсің.Бостандықтың қадірінЖабылғанда білерсің.Қалтаңдағы ақшаңдыҚағылғанда білерсің.Денсаулықтың қадірінАуырғанда білерсің,-деп  жырлаған Абыз бидің сөзін талай тыңдай жүрсек те, дәл осылай сезінеріміз ойымызға да келмепті. 

06-04-2020  

Ұстазға алғыс.

Саламатсыздар ма, ата-аналар. Жаман ауру, атын айтқым келмейді, елімізге келмесе екен деп тілегенмен, бүкіл әлемде жаулаған бұл жаман індет Қазақстанды айналып өтпеді. Әрине, тіледік,дұға еттік. Онымен болмады. Мүмкін Алла біздерге осындай сынақ жіберіп, біздердің шыдамымызбен,сабырлығымызды көрейін дегені шығар. Сол шыдам мен сабырлыққа қоса, балаларымызға, мұғалімдерімізге дәл қазір біздердің   қолдауымызда қатты қажет.  

02-04-2020  

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛАДЫ

Коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермей, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың қаулысы бойынша, Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 3 сәуірі 00:00 сағатынан бастап 2020 жылдың 15 сәуірі 07:00 сағатына дейін карантин режимі және келесідей шектеу шаралары енгізіледі: 

29-03-2020  

Маңызды ақпарат!

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді:  

22-03-2020  

Қазақстандықтарға білім беру интернет-ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беріледі

Қазақстандықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады. Бұл тізбе мен интернет-ресурстардың тізімі кейін ұлғайтылып отырады. 

20-03-2020  

БҒМ қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істейтін форматқа көшті

ҚР БҒМ 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес мектеп каникулы кезінде мұғалімдердің 100% және қашықтан оқыту барысында колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ қосымша білім беру, ПМПК, КППК қызметкерлеріне қатысты қосымша шешім қабылданды. Қазіргі кезеңде оларды ақы төленетін еңбек демалысына жіберу ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

1.egov.kz сайтына кіру 2. Порталға кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз. «Білім» б ...

08 маусым 2020
Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
Хабарландыру

Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты Ақтау қалалық білім бөлімінің «№11 лицейі» коммуна ...

20 мамыр 2020
АЛҒЫС АЙТАМЫН

Балалықтың қадірінСаналы болғанда білерсің.Асыл менен жасықтыБағалы болғанда білерсің.Бостандық ...

01 мамыр 2020
Ұстазға алғыс.

Саламатсыздар ма, ата-аналар. Жаман ауру, атын айтқым келмейді, елімізге келмесе екен деп тілегенме ...

06 сәуір 2020