"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі" мемлекеттік мекемесі

 Ақтау қаласындағы « № 11 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі өзіндік дара бітімі, 37 жылдық ерекше даму тарихы бар беделді оқу орны. Қазақ ұлтының бесігі болып қалыптасқан бұл мектептің  тұсауы Кеңес дәуірінде 1977 жылы қыркүйекте кесілген. 

   Ұстаздардың алдындағы басты мақсат — қазақтың қаракөз балаларына ана тілінде білім беріп қоймай, адами құндылықтарды сіңіртетін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, тағылымы мол ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіруге негіз болатын, өз Отанын, өз халқының тарихын сүюге, оны құрметтеуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге үйретуде және ұлттық дәстүрлерді насихаттау міндеті тұр еді.

   Алғаш ашылған қазақ мектебінің тұңғыш басшысы — іскерлігі мен біліктілігі қатар бағаланған ел ағасы, Қошанов Бақтыгерей Жүзбайұлы. Ол өз ұлтының патриоты болатын. Бақтыгерей Жүзбайұлы басшылық еткен тұста мектептің ішкі базасын нығайтуға мол үлес қосумен қатар, өз қарамағындағы ұстаздардың, ең алдымен өз мамандығын жан — тәнімен сүю екендігін басты назарда ұстаған және « ұжым — бірлік пен ынтымақтың ұясы» болуы тиіс дегенді қайталаудан жалықпаған. Тұңғыш ашылған қазақ мектебі 51 сыныппен 1357 оқушымен бастаған.

   Мектепте 2003-2004 оқу жылынан бастап эксперимент, тереңдетілген, гимназия сыныптары ашылып, оқушылар үшін кең де жарық оқу кабинеттері, кітапхана, интернет жүйесіне қосылған компьютерлік кабинеттер, спорт зал, асхана, акт зал, 12 жылдық эксперимент кабинеттері мен ойын алаңы жабдықталған.

   Ақтау қаласы әкімдігінің 08.05.2008 жылғы № 484 «Қалалық мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауын өзгерту туралы » қаулысы негізінде «№11 орта мектебі» «№11 мамандандырылған физика – математикалық мектебіне» өзгертілді.

  

Соңғы жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Мектебімізде қуанышты сәт. Өнерлі қызымыз 4 "е" сынып оқушысы Зейнуллаева Сафиенур 02-03 қараша аралы ...

12 қараша 2019
Құттықтаймыз!

Жаңаөзен қаласында өткен республикалық турнирге «№11 МФММ» КММ-нің 4 "е" сынып оқушысы Ержан Рауза е ...

12 қараша 2019
Құттықтаймыз!

Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы ұйымдастырған ағымдағы жылдың 27 қазан – 3 қараша аралығын ...

04 қараша 2019
Құттықтаймыз!

Мектебімізде тағы да қуанышты сәт. Спортсмен жасөреніміз 8 "д" сынып оқушысы Есіркепов Дінмұхамбет ...

04 қараша 2019
Құттықтаймыз!

13 қазан күні Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде  ...

31 қазан 2019