«Өткенсіз өмір, бүгінсіз өмір жоқ...»
2021 жыл 1-Наурыз Қазақстан Компартиясы Маңғыстау облыстық комитетінің алғашқы хатшысы, қоғам және мемлекет қайраткері Әшімбаев Тұтқабай Әшімбайұлының 100 жылдық мерейтойына орай мектебімізде «Өткенсіз өмір, бүгінсіз өмір жоқ...» атты мұражайдың қайта жасақталуына арналған жиын өтті.
Шараның мақсаты – ел, өңір тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, облыстың дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбаевтың өмір жолымен таныстыра отырып, жас ұрпаққа үлгі тұтар тұлғаларды кеңінен насихаттау, қайраткер есімін ұлықтау.
Жиын барысында Тұтқабай Әшімбайұлының бюстіне гүл шоқтары қойылып, қайта жаңартылған мектеп мұражайы көпшілікке таныстырылды.
Аталған шараға Тұтқабай Әшімбайұлының ұлы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры Аманжол Бақтияр Тұтқабайұлы, оның жұбайы Аманжол Гүлжан Сабырқызы және немересі Тұтқабай Бауыржан Бақтиярұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академияның вице-президенті, Қазақстан экономика ғылымдары Академиясының президенті, Республикалық жоғарғы оқу орындар бірлестігі төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, оның жұбайы Сыдықова Аэлита Ондасынқызы сонымен қатар әр кезеңдерде Тұтқабай Әшімбайұлымен қызметтес болған еңбек ардагері Тоқтарбай ақсақал мен Маңғыстау облысының және Ақтау қалалық білім бөлімінің басшылары, ел азаматтарының қатысуымен өтті.
Жиын соңында келген қонақтар мектеп директоры Зауреш Жауынбаевна мен жиынды ұйымдастыруға үлес қосқан мектеп ұжымына өз алғыстарын білдірді.
31-03-2021
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

27-03-2021

18-03-2021
«Ұлттық ойындар –ұлтымыздың құнды мұрасы»

16-03-2021

09-03-2021

02-03-2021
«Өткенсіз өмір, бүгінсіз өмір жоқ...»

26-02-2021

25-02-2021
Маңғыстау облысының таеквон-до ГТФдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаты

25-02-2021

Соңғы жаңалықтар

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күн ...
31 наурыз 2021
Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "11 лицейі" коммуналд ...
27 наурыз 2021
2021 жылдың 18- наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар –ұлтымыздың құн ...
18 наурыз 2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бо ...
16 наурыз 2021
2021 жылы 4 наурыз күні сағат 11:20 да Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша б ...
09 наурыз 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
http://mangystau.edu.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz