"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі" мемлекеттік мекемесі

 Ақтау қаласындағы « № 11 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі өзіндік дара бітімі, 37 жылдық ерекше даму тарихы бар беделді оқу орны. Қазақ ұлтының бесігі болып қалыптасқан бұл мектептің  тұсауы Кеңес дәуірінде 1977 жылы қыркүйекте кесілген. 

   Ұстаздардың алдындағы басты мақсат — қазақтың қаракөз балаларына ана тілінде білім беріп қоймай, адами құндылықтарды сіңіртетін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, тағылымы мол ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіруге негіз болатын, өз Отанын, өз халқының тарихын сүюге, оны құрметтеуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге үйретуде және ұлттық дәстүрлерді насихаттау міндеті тұр еді.

   Алғаш ашылған қазақ мектебінің тұңғыш басшысы — іскерлігі мен біліктілігі қатар бағаланған ел ағасы, Қошанов Бақтыгерей Жүзбайұлы. Ол өз ұлтының патриоты болатын. Бақтыгерей Жүзбайұлы басшылық еткен тұста мектептің ішкі базасын нығайтуға мол үлес қосумен қатар, өз қарамағындағы ұстаздардың, ең алдымен өз мамандығын жан — тәнімен сүю екендігін басты назарда ұстаған және « ұжым — бірлік пен ынтымақтың ұясы» болуы тиіс дегенді қайталаудан жалықпаған. Тұңғыш ашылған қазақ мектебі 51 сыныппен 1357 оқушымен бастаған.

   Мектепте 2003-2004 оқу жылынан бастап эксперимент, тереңдетілген, гимназия сыныптары ашылып, оқушылар үшін кең де жарық оқу кабинеттері, кітапхана, интернет жүйесіне қосылған компьютерлік кабинеттер, спорт зал, асхана, акт зал, 12 жылдық эксперимент кабинеттері мен ойын алаңы жабдықталған.

   Ақтау қаласы әкімдігінің 08.05.2008 жылғы № 484 «Қалалық мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауын өзгерту туралы » қаулысы негізінде «№11 орта мектебі» «№11 мамандандырылған физика – математикалық мектебіне» өзгертілді.

  

Соңғы жаңалықтар

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күн ...

31 наурыз 2021
«Табиғатты аяла»

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "11 лицейі" коммуналд ...

27 наурыз 2021
«Ұлттық ойындар –ұлтымыздың құнды мұрасы»

2021 жылдың 18- наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар –ұлтымыздың құн ...

18 наурыз 2021
Құттықтаймыз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бо ...

16 наурыз 2021
«Болашаққа адалдықпен аттан»

2021 жылы 4 наурыз күні сағат 11:20 да Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша б ...

09 наурыз 2021